Текст

Құрметті сайт қонақтары!
Рамадан ауылының НОМ сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайтымызда сіздерге қажетті мәліметтер қоры бар.Сіздердің шығармашылық табыстарыңызға көмегі тиер деген ойдамыз. Егер біздің сайтымыз сіздерге пайдасын тигізсе біз өте қуанышты боламыз.Мектеп директоры: Таханова Райхан Мықтыбаевна.
10.12.2025
"Қайрат Рысқұлбеков" көрінісі
Мектебімізде 16 желтоқсан оқиғасына арналған “Қайрат Рысқұлбеков” көрінісі оқушылар арасында қойылып, өте мағыналы да тартымды өтті. Балалар сол кезеңдегі жағдайды шынайы жеткізіп, Қайраттың батырлығын, ержүректігін, елге деген сүйіспеншілігін жақсы көрсетті....
04.12.2025
Нейро және ми жаттығулары
Бүгін психология апталығының 3-күні өтті. Оқушылар арасында түрлі нейро және ми жаттығулары ұйымдастырылды. Балалар өте белсенді қатысып, тапсырмалар оларға қатты ұнады. Көңіл-күйлері көтеріліп, жаттығуларды қызығушылықпен орындады.
01.12.2025
"Психология апталығы"
Бүгін, 1 желтоқсан күні, мектебімізде "психология апталығының" ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға оқушылар мен ұстаздар қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Ашылу барысында фото-галерея қойылып, флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар түрлі ойындар, тренингтер мен...
20.11.2025
"Smart bala" жобасы
"Smart bala" жобасы жобасы аясында 3D модельдерін құрастыру.
Мақсаты:Оқушылардың зияткерлік шығармашылық және цифрлық дағдыларын дамыту арқылы олардың
функционалдық сауаттығын арттыру,заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып,білімге деген ...
19.11.2025
"Жастар рухы" экскурсиясы
16 қараша күні аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін Астана қаласына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Осы сапарға біздің мектептен көпбалалы отбасынан шыққан 8-сынып оқушысы Мырзахан Іңкәр Қуанышханқызы барып, тамаша әсермен оралды....
07.11.2025
"Мен жауапты азаматпын" спорт викторинасы
Бүгін мектебімізде 5-9 сыныптар «Мен жауапты азамат» деген тақырыпта викториналық сұрақтар қойылып, қызықты шара өтті. Оқушылар түрлі викториналық сұрақтарға жауап бере отырып, түрлі ойындар мен жарыстарда өз білімдерін сынады. Шара өте көңілді,...
07.11.2025
"Өнегелі 15 минут"
Бүгін «Өнегелі 15 минут» барысында қыз баласын тәрбиелей отырып, тағам түрлерін үйрету арқылы еңбекқорлық пен ұқыптылыққа баулу жөнінде әңгіме өрбіді. Іс-шараның мақсаты — қыз балаларға ас әзірлеу мәдениетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және...
02.11.2025
"Алтын тұғыр" олимпиада
«Алтын тұғыр» олимпиадасы 2025 жылдың 31 қазан күні республикалық «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.Олимпиадаға 54 мұғалім қатысып, үздіктер анықталды: I орын – 5 мұғалім, II орын – 6,...
02.11.2025
"iQanat" олимпиада
2025 жылдың 29 қазан күні өткен «Iqanat» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды іс-шара болды. Олимпиада ауылдық елді мекендердегі дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың жоғары білімге...
25.10.2025
"Балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігі және мұздағы қауіпсіздік ережелері" жиналыс
Бүгін 24.10.2025 жылы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ауылымыздың учаскісі Манарбек Ермекұлы "Демалыс кезіндегі балалардың жол үстіндегі қауіпсіздігі және жұқа қатқақ мұздардан абай болу" тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын...