Текст
02.03.2026
Бүгін мектебімізде 1-наурыз – Алғыс айту күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Шараның басты мақсаты – оқушыларды үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, ата-анаға, ұстазға және достарына деген ризашылық сезімін білдіруге тәрбиелеу болды. Сынып сағаттары барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтып, алғыс сөздер жазып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, татулық, бірлік және сыйластық туралы әңгімелер айтылып, тәрбиелік мәні зор түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
