20.05.2026
Бүгін мектебімізде «Оқушылардың демалыс кезіндегі өмірі және жол қауіпсіздігі» атты тақырыпта жаппай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігі, жолда жүру ережелерін сақтау, судағы, көшедегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар ауыл учаскелік полиция қызметкері Манарбек Ермекұлы ата-аналар мен оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы толықтай түсіндіріп, сақтық ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Жиналыста оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім сапасы туралы мәліметтер айтылды. Бітіруші түлектерге байланысты маңызды ақпараттар беріліп, мемлекеттік емтихандардың өтетін күндері таныстырылды. Ата-аналарға жазғы лагерьлердің жұмысы туралы түсіндірме жүргізіліп, балалардың демалысын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыру жолдары айтылды. Жиналыс соңында қауіпсіздікке қатысты сауалнамалар толтырылды.

