Текст
06.05.2026
Жеңіс күніне орай мектебімізде «Патриоттық саптық ән байқауы» өтті. Бұл іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Байқау барысында балалар патриоттық әндер айтып қана қоймай, сапта тұру, сапты түзеу, екі қатарға тұру, адымдау сияқты жаттығуларды да орындап, әртүрлі қимыл-қозғалыстар арқылы өз өнерлерін көрсетті. Әр топ өздерінің дайындығын көрсетіп, ұйымшылдық пен тәртіптілікті байқатты. Іс-шара өте қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
