Текст
27.04.2026
Бүгін, 1-ші Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, мектебімізде «Біз әртүрліміз – бір теңбіз» атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте, татулықта өмір сүріп жатқанын түсіндіру, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар әр ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті туралы мәлімет алып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, бірлік, ынтымақ туралы тақпақтар айтып, шағын көріністер көрсетті.
