Текст
23.03.2026
Мектебімізде "Таза Қазақстан" аясында игі іс-шаралар жалғасын табуда. Осы орайда мектебіміздің ұл балалары мектеп ауласын қардан тазалауға белсене қатысып, қол ұшын созып көмектесті. Оқушылар ортақ іске жауапкершілікпен қарап, тазалық пен тәртіптің маңызын көрсете білді. Мұндай шаралар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелейді.
