Текст
Рамадан ауылының негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова Г.М., тарих мұғалімі Омирбек М., тәлімгер Курманова А.А. 17маусым күні 2025жылы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен облыстық конференцияға қатысып, үлкен әсер алды.
Тақырып: " Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу;қазақстандық мектептердің тәжірибесі"
Мұғалімдердің зерттеуге негізделген тәжірибелерімен бөлісу , жаңа идеялар мен әдістер жайлы тың мәліметтер бізді шабыттандырды.
Әріптестермен пікір алмасып, өз жұмысымызды саралауға жаңа көзқарас алдық.