Текст
Көрісу күні-Амал мерекесі"
Көне дәстүрді халық Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп атайды. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, алыс-жақын туысқандармен жүздеседі.
Мерекеде жастар үлкендерге сәлем береді. "Жасың құтты болсын!", "Жасына жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!" деп тілектер айтылады, өкпе-реніші бар адамдар өкпесін ұмытып, көріседі.